Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 16 қазан күні таңғы 7:14-те Павлодар мұнай-химия зауытының төртінші цехында, 1/1 пешінде «разгерметизация» болған және гудрон лаулап жанған. Зауыт жаққа дереу 6 өрт сөндіруші машина, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 28 қызметкері аттаныпты. Жалынды ауыздықтаумен «Өрт сөндіруші» АҚ-ның қызметкерлері айналысты.
«Өрттің таралуы 7:20-да тоқтатылды. Тілсіз жау 8:11-де жойылды. Өрттің не себепті туындағаны және қандай залал келтірілгені айқындалып жатыр. Мамандар пешті салқындатумен шұғылдануда», – деп мәлімдеді ТЖ департаменті.Мұнай өңдеу зауытының өкілдері түсініктеме беруден ат-тонын ала қашқан.
«Егер компания қажет деп тапса ғана ресми ақпаратты халық біле алады», – деп қысқа қайырды журналистердің сұрауына ПМХЗ баспасөз қызметінің басшысы Анна Гронская.
Е.ЕРДЕН