Мониторинг тобы мүшелерінің қатысуымен «Желтоқсан мен Сәтпаев көшелеріне бақылау жүргізілді. Онда қазіргі уақытта қаланың троллейбус желілерінің қолданыстағы байланыс-кабельдік желілерін жөндеу және қайта жаңарту жұмыстары басталды. Жұмыстың аяқталу мерзімі 2022 жылдың наурыз айына жоспарланған. Тексеріс кезінде мониторинг тобы жабынның маркасы мен сапасына сәйкес келмейтін ұсақ түйіршікті асфальт қолданылғанын, сондай-ақ асфальт төсеміндегі көптеген кедір-бұдыр жабындыны, жол таңбасының жоқтығын және басқа да кемшіліктерді анықтады. Сонымен қатар асфальтбетон жабынын төсеуге дайындалған учаскелерде сигналдық таспалар да болмай шықты. Тексеру қорытындысы бойынша Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасы «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалымен бірлесіп, 312-баптың 1-бөлігі бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама жасады. Уәкілетті органдар мен мердігер ұйымдарға жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасы мен тиісті бақылауды жүзеге асыру үшін нақты ұсыныстар берілді.
Әбілмансұр ЖАСАН