Базар жастары арасында турнир өтті
Базар жастары арасында турнир өтті
Облыстық «Jas Otan» Жастар қанатының ұйымдастыруымен базар жастары арасында кіші футболдан турнирге 16 команда қатысқан болатын. Жартылай фи­налда «Орталық базар», «Қай­­қармет», «Гранд базар» және «Ауыл Береке-2» топтары ойнап, өзара мықтыны анық­тады. Турнир жеңімпазы атанған «Қайқармет» тобы 300 мың тең­ге ақшалай сыйақыны иеленді. Ал 2-орын алған «Орталық ба­зар» тобы 200 мың теңге сыйа­қы­ны қанжығасына байлады. Жүлделі 3-орынға ие болған «Гранд Базар» тобы 100 мың теңге сыйақыны еншіледі. Со­ны­мен қатар турнирдің  «Үздік ойыншы», «Үздік қақпашы» және «Үздік шабуылшы» но­ми­нациясы бойынша 9 ойын­шы арнайы кубок пен мадақтама қағазына ие болды.  

Әбілмансұр ЖАСАН