Депутаттар алдымен Қазақстанның көне тарихи орындарының бірі «Көне қамал» тарихи-мәдени мұра ескерткішіне барып, қалашықтың негізгі нысандарын аралады. Былтыр Шымкент қаласы мәслихатының 58-і сессиясында халық қалаулылары қараған мәселелер қатарында Шымкент қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті, сондай-ақ қаланың 2050 жылға арналған даму стратегиясын бекіткен еді. Онда республикалық трансферттен Цитадельді қалпына келтіру жобаларына да қаржы қаралған болатын. Осыған байланысты қала депутаттары бөлінген қаржының атқарылу барысын бақылап қайтты. Олар көне қалашықты аралап, тамашалау барысында археологиялық жұмыстардың нәтижелерімен және мәдени кешенді одан әрі дамыту жоспарларымен танысты.
Әбілмансұр ЖАСАН