Жомарт жан қауіпті індеттің екінші толқынына дайындық жұмыстары туралы естіп, өз үлесін қоспақ ниетте осындай қадамға барғанын айтып отыр. Ол сонымен қатар қиын кезеңде жаман індетпен күресте бар күш-жігерін жұмсаған аурухана дәрігерлеріне шексіз алғысын жеткізді. Айта кетейік, аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен пандемияның қиын шағында түлкібастық еріктілер оттегі концентраторының 42 данасын, 360 дана арнайы медициналық қорғаныш киімін, 210 дана оттегі балонын, 5 дана кір жуу машинасы мен 22 пулсоксиметр және кварц лампаларын табыстады.
Әбілмансұр ЖАСАН