Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Жол апаты: ширек ғасырда 80 мың адам көз жұмды

Елімізде бір кездері жол-көлік оқиғалары көбейіп кет­кені сондай, оны ұлттық ауқым­дағы трагедияға теңе­ген­дер де болды. Рас, Елба­сымыздың өзі де сол кезде ұрсып тұрып, қатты сынаған. Өткен жылдар­дың мәліметіне жүгінсек, 1991-2019 жылдар аралығында елімізде 432 мың­нан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 84 мыңнан ас­там адам қаза тауыпты. 500 мың­ға жуық адам түрлі дәре­жеде жарақат алған. Бұл – әрине құрғақ ци­фр­лар емес, қаншама отбасы қара жамы­лып қалды деген сөз. Бір жағы­нан бұл экономи­калық шығын­ға ұшы­рап жат­қанымызды білдіреді. Халық­аралық сарап­шылар құр жол апаттарында ғана Ішкі жал­пы өнімнің 3-5%-ын жоғал­та­ты­нымызды айтады.

«Айқын» ақпарат
Қазан 17, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
kolik apati
48
қаралым

Әйтсе де, бұл саладағы қазіргі жағдай біраз түзелгені байқалады. Оны Ішкі істер министрлігінің соңғы таратқан ақпараттары нақ­тылай түседі. Соңғы 6 жылда рес­пуб­лика жолдарындағы апат­тар саны 29%-ға азайыпты. Апат салдарынан болатын кісі өлімі 21%-ға, жарақат алу 26%-ға ке­мі­ген. Бұл динамика биыл да бай­қалып отыр.

«Өткен 9 айда елімізде 8 933 жол-көлік оқиғасы тіркелді, мұнда 1 265 адам қаза тауып, 11 780 адам жарақат алды. Өткен жылдың сәй­кес кезеңімен салыстырғанда ЖКО 22%-ға, яки 11 484-тен 8 933-ке дейін төмендеген. Сәйкесінше қаза тапқандар саны 19%-ға, 1 552-ден 1 265-ке және жараланғандар саны 23%-ға, 15 324-тен 11 780-ге дейін азайды», – дейді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов.

Жол-көлік оқиғаларының ең бірінші себебі – әдеттегідей жол қозғалысы ережелерін бұзу. Соның ішінде ең көбі, яки үштен бірі – жыл­дамдық режимін асыру. Мұн­дай 2 883 жол-көлік оқи­ға­­сы­нан 527 адам қаза болып, 3 918-і жарақат алған. Сондай-ақ бар­лық қаза болғандар мен жа­рақат алғандардың ширегі жаяу жүр­гіншілер екен. Олар сәйкесінше 344 адам – 24% және 2 897 адам – 27%. Ал жас­өспірімдердің қатысуы­мен болатын жол-көлік оқиғалары орташа есеппен алғанда 30%-ға төмендеген. 165 баланың өмірін қиып, 2 049 бала жарақат алған оқиға саны – 1 825.

«Жүргіншілердің кінәсінен биыл 356 ЖКО бол­са, онда 75 адам қаза болып, 298-ы жа­рақат алды. Жол көлік апатының ең көбі, 75%-ы елді мекендерде болады. Қаза болатындардың 40%-ы және жарақат алатындардың 70%-ы осында. Мәселен, жыл ба­сы­нан бері ауыл-қалаларда 6 740 оқи­ға болып, 516 адамның өмірі қиы­лып, 8 341 адам зардап шекті», –дейді Серік Амантайұлы.

Жол ережелерін бұзудың, соның ішінде жол-көлік оқи­ғаларының азаю себебінің бірі автоматты бейнебақылау жүйе­лерінің осы салаға дендей ене бастағанында екен. Жолдағы ере­же бұзу деректерін автоматты түр­де тіркейтін бұл жүйелер жол қозғалысы қатысушылары тәрті­бінің дұрысталуына айтарлықтай әсер етіп отыр.

«Қазіргі уақытта республика жолдарында барлығы 11 мыңға жуық осындай жүйе жұмыс іс­теп тұр. Техникалық бақылау құ­ралдарының көмегімен рес­публика бойынша жыл сайын 1,2 миллион заңбұзушылық анық­талады. Бұл – жол қозғалысы ережелерін бұзудың 40%-ы. Мұндай шаралардың нәтижесінде бюджетке 7 млрд теңгеден ас­там қаржы түсіп отыр. Олар жол қозғалысын қадағалауда және оған қатысушылардың тәрті­бін арттыруда өз тиімділігін дә­лелдеді», – деді полиция под­полковнигі.

kolik apati1

Осылайша, бейнебақылау ка­мераларының мұндағы үлесі 40% болып отыр. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері барлығы 3 миллионнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу деректерін анық­таған болса, соның аясында 119 мың жүргінші әкімшілік жа­уапкершілікке тартылып, көлік құралын мас күйде басқарған 13 мың жүргізуші ұсталған. Сот үкімі­мен 15 мыңнан астам адам жүргізуші куәлігінен айырылған болса, 12,5 мың ереже бұзушы әкім­шілік қамауға алынған.

«Бірақ тәртіптің сақталуын ақпараттық техникалар ғана ба­қыламайды. Патрульдік полиция нарядтары көлік ағыны күшті және апаттық деңгейі жоғары болатын неғұрлым күрделі учаскелерде жұмыс істейді. Мәселен, елді ме­кендерде олар жүретін 2 мыңнан астам бағдар белгіленген болса, қала сыртындағы автожолдарда 211 патрульдеу бағдарлары бар. Мүдделі мемлекеттік ор­гандармен бірлесіп, тұрақты түр­де жедел-профилактикалық іс-ша­ралар өткізіліп тұрады. Олар – «Автобус», «Қауіпсіз жол», «Борышкер» және т.б. рес­публикалық шаралар», – дейді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары.

Ішкі істер органдары сондай-ақ жол инфрақұрылымының жағ­дайына да қадағалау жасайды. Мәселен, жыл басынан бері жол ин­спекциясы 388 268 километрді қамтитын жолға 19 738 зерттеу жүр­гізіп, жол қозғалысы қауіп­сіздігіне теріс әсер ететін 39 529 жол ақауын тапқан. Оның ең көбі Жамбыл (9 213 ақау), Алматы (5 163 ақау) және Түркістан (4 510 ақау) облыстарында екен. Осы ретте оларды жою бойынша 19 715 алдын ала ескерту беріліп, жол күтіміне жауап беретін 2 347 лауазымды тұлғаға айыппұл салынды.

«Жыл басынан бері 1 358 тексеру жүргізіп, 145 лауа­зымды тұлғаны әкімшілік жауап­кершілікке тарттық. Біз берген алдын ала ескертулер бойынша 4 700 жол белгілері қойылып, 5 000 км жол жолақтары сызылды. Ұзына бойы 250 метр жасанды кедергілер орнатылып, 380 шаршы метр кедір-бұдыр жолақтар жағылды. Мұндай тексерулерге Біздің департаменттің әкім­шілік полиция басқармасы қыз­меткерлері мен облыс әкім­дігінің, «ҚазАвтоЖол» АҚ, «Қа­зақ­автожол» ЖШС өкілдері қа­тысты», – дейді Жамбыл облысы ПД ӘПБ бастығы Мәмбет Смаилов.

Елімізде 24 мың шақырым республикалық жолдар бар болса, оның тең жартысы ғана жақ­сы жағдайда, 9 км жолдың жағдайы орта­ша, ал қалған 3 мың шақырым жол күрделі жөн­деу­ді қажет етеді. Облыстық деңгейдегі жер­гілікті жолдардың жалпы ұзындығы – 70 мың километр. Олардың 25%-ы ғана жақсы жағ­дайда, 48 пайызы қанағаттанарлық, ал 21 мың жолға күрделі жөндеу қажет. Жол сапасының қозғалыс қауіпсіздігінде рөлі зор екені рас. Бүгінгі таңда елімізде 4,2 миллион автокөлік бар болса, оның 400 мыңы жүк көліктері. Ендеше соңғы жылдары елімізде көлік санының артып отырғанына қарамастан, ЖКО деректерінің азайғаны, әрине қуантады.

Нұрлан ҚОСАЙ

 

 

Тәртіпке бағынбаған такси жүргізушісінің кесірінен 4 адам қайтыс болып, алтауы ауруханада жатыр

Алматы облысында жол апаттан 2 адам көз жұмды

СҚО-да жол апатынан төрт адам жарақат алып, бір адам мерт болды

 
Тегтер: автожолжарақатжол апатыжол-көлік оқиғасы
Алдыңғы жаңалық

Қысқарту қайшысы қайраулы

Келесі жаңалық

Әуежайдағы ахуал: бақылау әлсіресе қайтеміз?

Ұқсас жаңалықтар

ескерту
Жаңалықтар

Бірқатар өңірде ескерту жарияланды

Ақпан 28, 2021
қазақстан
Жаңалықтар

Үнді мұхитында жалғыз қалып қойған адамды қазақстандықтар құтқарды

Ақпан 28, 2021
Бұрқасын
Жаңалықтар

Елордада дәстүрлі «Бұрқасын-2021» қысқы фестивалі өтті

Ақпан 28, 2021
Қарағанды
Жаңалықтар

Қарағанды облысында карантин шаралары жеңілдетілді

Ақпан 28, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бірқатар өңірде ескерту жарияланды

Ақпан 28, 22:02

Үнді мұхитында жалғыз қалып қойған адамды қазақстандықтар құтқарды

Ақпан 28, 21:20

Елордада дәстүрлі «Бұрқасын-2021» қысқы фестивалі өтті

Ақпан 28, 20:43

Қарағанды облысында карантин шаралары жеңілдетілді

Ақпан 28, 19:58

«Канелоның» титулдық жекпе-жек үшін алған гонорары белгілі болды

Ақпан 28, 19:23

Ақтауда екі адам химиялық заттан уланып, көз жұмды

Ақпан 28, 18:15

Қос боксшымыз Украинада топ жарды

Ақпан 28, 17:48
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

ескерту

Бірқатар өңірде ескерту жарияланды

Ақпан 28, 2021
қазақстан

Үнді мұхитында жалғыз қалып қойған адамды қазақстандықтар құтқарды

Ақпан 28, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»