Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Ұстаздың жанайқайын кім тыңдайды?

Өңір мектептеріндегі жемқор­лық фактілерін жазғанымыз бар. Артынша еліміздің бірнеше айма­­­ғынан мұғалімдер қоңырау шалып, әлеуметтік желіде мұңын шақты. Бірі жұмысқа кіру үшін өзінен пара сұрап жатқанын айтса, екіншісі мек­­­­­­­тептегі жөндеу жұмысына бө­лін­­­­­ген қаржы мен дәретхана ақ­ша­­­сының жымқырылғанына на­­­разы. Ұстаздардың арасында ай­­­­­­мақ­­тағы мәселені білім бөліміне ай­­­тып шағымданса да, жауап ала ал­­­­­мағандары бар екен.

«Айқын» ақпарат
Қазан 17, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
mektep jemkorlik
166
қаралым

 

Сағат алып, сабақ бермей жүр

Әмина Сатай (есімі өзгертілді – авт.)  айтуын­ша, Аты­­рау облысы Қызылқоға ауданы  Қаракөл орта мектебі директоры – денешынықтыру пәнінің мұғалімі. Алайда өзі сағат алғаны­мен, сабақ бермей жүр. Әмина Сатайға бұл жағдай туралы ата-аналар хабарлаған. Олардың өтінішімен білім бөліміне қанша сұрау салғанымен, жауап бермеген.

Бүгін астанада оқушылар мектепке бармайды

Жемқорлықпен күрес әңгіме өзегіне айналды

Жемқорлық заңға құрмет көрсетпеуден басталады

«Facebook-ке, Telegram-ға жаз­дым. Сұрау салдым. Жауап жоқ. Содан газетте жемқорлық тақырыбы көтерілген соң мәселені айтайын деп шештім. Қаракөл орта мектебінің уақытша директоры дене­шы­нық­тыру сағаттарын алғанымен, сабақ бермеген. Тіпті, оқушыларға арнап ортақ чат ашпаған. Дәлел ретінде ата-аналардың аудио­хабарламалары бар. Одан қалса, директор қызметін уақытша атқарушы үш рет біліктілік тестін тапсырған, биыл тағы өтпей қалыпты. Бірақ Қаракөл орта мекте­біне директор сайлау туралы кон­курстың сұхбаттасу кезеңіне өткен. Толыққанды директор болуға дайын­далып жүр. Ал сол директорға ұстаздар күні алғысхат табыс­тағанда жағамды ұстадым. Аудан балабақ­шасында төрт рет тестен өтпеген уақытша меңгерушіні басшылыққа сайлайын деп отыр. Қарсылықты қабылдамай, ешкімді жақындатпай жатыр», – дейді ұстаз Әмина Сатай.

Сондай-ақ ұстаз Т. Жанұзақов атындағы бастауыш мектепте мектепке дейінгі білім беру маман­дығын бітірген адамның дирек­­тор болып отырғанын тілге тиек етті. Ал өзі жұмыс істейтін Х.Досмұхамедов атын­­дағы мектепте орыс тілі саба­ғынан информатика пәнінің мұғалімі үш жыл сабақ бергенін айтты. Орыс тілін еркін меңгерген ұстазға осы жауапкершілікті жүкте­ген екен. Қала берді, инфор­матик орыс тілінен жаңар­­тылған білім мазмұнына сай курсқа қатыс­қан. Содан Әмина Сатай бұл істі дау­­лап жүріп, біржақты еткен. Оның айтуын­­ша, көп өтпей аталған мұға­лім өзін-өзі тану пәнінен бір айлық курс оқып, қазір сабақ беріп жүр. Белсенді ұстаз аудиттік тексе­­­рістің қайда қарап жүргеніне таңы бар. Ол осыдан кейін қоғамда ұстаздың беделі түсіп, оқушылар алдында мұғалімнің мәртебесі қалай көте­рілмек деп отыр.

 

«Жұмысқа тұруға 1 млн сұрады»

Шымкент қаласы тұрғыны Зияда Райымқұл (есімі өзгертілді- авт.) өзінен жұмысқа кіру үшін 1 млн теңге сұрап отырғанын айтты. Оның айтуынша, мектепке дейінгі білім беру маманының қолында екі дип­­ломы бар. Шарасыз ұстаз ақша таба алма­­­­ғаннан, жұмыссыз отырғанын атап өтті.

Жұмысқа алу мен сағат бөлудің жайына келгенде Қызылорда Шиелі кентіндегі мектеп-лицейдің мұғалімі Эльмира Бақыт­қызы қазір қолма-қол ақша беру азайғанын айтады. «Факт көп, бірақ ұстатпайды. Kaspi Gold деген бәріне майдай жақты. 18 сағаттың «ставкасы» – 40-50 мың теңге. Ақшаны тиісті адамға ауда­рады, мәселе шешіледі. Лауазымды жұмыстың да құны бар. Мысалы, директордың орынбасары лауазы­­­мына уақытша жұмыс істеу 150-200 мың теңге. Карантин кезі болып жанымыз қалып жүр. Тексеру келсе, ақша жинаймыз. Кезінде мектеп-лицей атын алғанда ұжым болып 2000 теңгеден ақша жинаған едік. Одан қалса, кабинеттегі жалюзи мен есіктің құлпына дейін өз қалтамыздан төлейміз. Олимпиададан, аудандық деңгейдегі сайыс­тардан орын алу жайын да ақша шешеді. Олимпиа­дадан орын алғың келсе, ай бұрын ақша төлейсің», – дейді ұстаз.

Ал С.Сейфуллин атындағы орта мек­­тептің Ардагерлер кеңесінің тө­райымы Кәмила Халыққызы Жам­был облысы Талас ауданы білім бөлімі басшылығының жұмысына наразы. Оның дәлелі де бар. Бірнеше рет білім бөлімі басшылығымен соттасқан екен. Аудан, облыс, қала әкім­­дігіне білім бөлімі басшысы Күлшат Қожа­таеваның атынан арыз жазса да, әкімдер қарастырамыз деумен шектелген. Жалпы, аталған білім бөлімі басшысының атына 8 ескерту, 22 хаттама мен 3 млн теңгеге жуық айыппұл салған деседі. Зей­неткер ұстаз мұның бәрін жең ұшы­нан жалғанған жемқорлық деп отыр.

«Негізі, айтсам, дәлел көп. Мы­салы, тамыз конференциясында С.Сейфуллин атындағы орта мектеп директорына Күлшат Қожатаева заманауи құралдармен жабдық­­­талған физика кабинетіне арналған серти­фикат табыстаған-ды. Құны 7 мил­­лион теңгеден асады. Бірақ зерт­теудің арқасында әлі күнге физика кабинетіне құрал-жабдық алынба­­ғанын дәлелдедім. Дәлелдерді бір­­қатар мекемеге ұсындым. Аталған мектепке «әжетхана салу мақсатында 8 млн теңге бөлі­­ніп, орталық су құбырынан құбыр тарт­­тық» деген. Құбыр тұрмақ, жер қазыл­маған. Видео-дәлелім бар. Мектептегі мәжіліс залы (актовый залды) жөндеуге 14 млн теңге бөлінген. Сол күйінде тұр. Ал биліктегілер көре тұра көз жұмып отыр», – дейді Кәмила Халыққызы.

 

Ұстаздардың ұсынысы бар

Мұғалімдер білім саласындағы былық­тың беті ашылып, жемқор­лықтың жолы кесілгенін қалайды. Олар әрқашан жіптің бір ұшы басшыға келіп тірелетінін айтады. Мәселен, ұстаз Нұргүл Молда­­бекова мек­тепте жылына 4-5 рет прокура­­туралық тексеріс жүргізуді жөн деп санайды. Оның айтуынша, сонда ішкі ереже, тарификация мен кә­сіпо­­дақ ақшасына дейін тексеруден өтсе, жағдай бірізге түседі.

«Үкіметке, Білім министріне жазып, директорлық лауазымның мерзі­мін бекіту керек. Директорлық мандатты 3 не 5 жыл атқарса жет­кілікті. Егер басшы мектепті гүлден­діріп, нәтиже көрсетсе, басқа мек­­тепке ауыстырған жөн. Саны бар, сапасы жоқ директорларды бірден орнынан алып тастау керек. Осындай жүйеден нәтиже шығады деп ой­лаймын», – дейді есімін атағысы келмеген ұстаз.

Иә, ұстаздар еркін жұмыс істеп, ойын нақты жеткізгісі келеді. Кейбірі бір істің бетін ашып, жариялай қалса, артынан қуда­­лау болатынын алдын ала біледі. Сондықтан өңір­­лерде білетінін ішіне жасы­­рып, бұғып қалатын ұстаздар бар. Еліміз интернет пен баспасөз бостандығы бойын­­ша 60 орынға жайғасқаны белгілі. Ал ішкі цензура мен шолақ­бастықтардың әрекетін кім, қалай бағалайды? Айтпағымыз бұл емес. Бастысы, білім саласындағы жем­қорлықтың су бетіне шығып, ұстаз­дардың «ықты» паналағаны керек.

 

P.S.

Біз өзімізге хабарласқан ұстаздардың пікірін бердік. «Екінші тарап қайда?» дерсіз, бірақ мұндай өткір мәселе көтерілгенде келесі та­раптың үнсіз қалатынын немесе мүлдем өзге сылтау айтатынын жақсы білеміз. Тәжірибемізде бар. Сондықтан құзырлы органдар ұстаздардың осы шағымдарына назар аударар деп үміттенеміз.

 

Айзат АЙДАРҚЫЗЫ

 

 

 
Тегтер: жемқорлықмектеппараұстазұстаздың жанайқайы
Алдыңғы жаңалық

Аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұловтың келесі қарсыласы белгілі болды

Келесі жаңалық

Дағдарыста экономиканы қай салалар асырады?

Ұқсас жаңалықтар

карантин
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда 1 наурыздан бастап карантин жеңілдейді

Ақпан 26, 2021
Партия күні қарсаңында «Nur Otan»-ның қатарына мыңнан астам қазақстандық қосылды
Жаңалықтар

Партия күні қарсаңында «Nur Otan»-ның қатарына мыңнан астам қазақстандық қосылды

Ақпан 26, 2021
диплом
Жаңалықтар

29 мұғалім жалған дипломмен сабақ берген

Ақпан 26, 2021
Алматы облысы
Жаңалықтар

Алматы облысында АН-2 ұшағының неліктен шұғыл қонғаны белгілі болды

Ақпан 26, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Сұлтанда 1 наурыздан бастап карантин жеңілдейді

Ақпан 26, 16:31

Партия күні қарсаңында «Nur Otan»-ның қатарына мыңнан астам қазақстандық қосылды

Ақпан 26, 16:21

29 мұғалім жалған дипломмен сабақ берген

Ақпан 26, 16:10

Алматы облысында АН-2 ұшағының неліктен шұғыл қонғаны белгілі болды

Ақпан 26, 15:58

Алматы облысында Ан-2 ұшағы апатты жағдайда жерге шұғыл қонды

Ақпан 26, 15:46

Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды

Ақпан 26, 15:18

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанармай бағасының өсуіне байланысты пікір білдірді

Ақпан 26, 14:29
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

карантин

Нұр-Сұлтанда 1 наурыздан бастап карантин жеңілдейді

Ақпан 26, 2021
Партия күні қарсаңында «Nur Otan»-ның қатарына мыңнан астам қазақстандық қосылды

Партия күні қарсаңында «Nur Otan»-ның қатарына мыңнан астам қазақстандық қосылды

Ақпан 26, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»