Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Теріскейдің жағдайы жақсарып келеді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Созақ ауданына барып, ондағы халықтың жағдайымен етене танысып, атқарылып жатқан іргелі істерді көріп қайтты. Мал шаруашылығы жақсы жолға қойылған ауданда халықты газ, жарық, жылумен қамтамасыз етуге бағытталған жобалар да жүзеге асырылып жатыр.

«Айқын» ақпарат
Қазан 17, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
Shokeev
38
қаралым

Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс басшысының тапсырмасымен Созақ ауданында төрт түліктің төресі түйені көбейту қолға алынған. Атап айтқанда, ойсыл қара тұқымын көбейту арқылы өзге өңірлермен бәсекелес болуға қауқарлы ауданға осы кәсіпті мықтап қолға алуды тапсырған болатын. Осы мақсатта түйе түлігін асылдандыруға 2 000-ға жуық түйе аналығы сатып алынды. Оның жартысы жеңілдетілген несие алу арқылы, қалғаны азаматтардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылған. Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев ауданға арнайы жұмыс сапары барысында түйе шаруашылығымен айналысатын бірқатар шаруа қожалығының жай-күйімен танысты.

Созақ ауданында түйе шаруа­шылығының әлеуеті жоғары. Мәселен, өңір басшысы аялдаған Шолаққорған ауылында түйе шаруашылығын өр­кен­детіп отырған «Бағдат» шаруа қо­жалығында 350 бас түйе бар. Шөлге шы­дам­ды түліктің көктем айларында 256 тонна сүті Golden Саmеl Group LTD ЖШС зауытына өткізілген.

Ірі мал басын асылдандырумен айналысатын «Қанжарбек» шаруа қожалығында 110 бас мүйізді ірі қара, 1 150 бас уақ мал мен жүзге жуық жылқы бар. Мал шаруашылығын дамытуда Созақ ауданы межелі табыстарға қол жеткізуде. Атап айтқанда, ауданда 40 мыңға жуық мүйізді ірі қара, 341 471 бас қой-ешкі малы мен 14 мыңға жуық түйе, 25 мыңнан астам құс өсірілуде. 2020 жылдың 8 айында 7 546,1 тонна ет, 11 321,6 тонна сүт, 2 129,7 мың дана жұмыртқа  өндіріліп, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі едәуір өскені байқалады.

Қарағандыда 7 адам иістен уланды

Газ бағасының өсуі – делдалдан

Түркістанда кандидаттар бекітілді

Өмірзақ Естайұлының тапсыр­масымен Түркістан облысында түйе шаруашылығын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған кешенді іс-шара жоспары жасалды. Жоспарға сәйкес, Арыс, Кентау қалалары мен Отырар, Ордабасы, Созақ, Шардара аудандарында биылға қосымша 3 962 інген сатып алынып, соның нәтижесінде өндірілетін сүттің көлемін 14 250 тоннаға, яғни 15%-ға арттыру жоспарланған.

Өмірзақ Естайұлы сондай-ақ  Созаққа барған іссапары барысында халықты газ, жарық пен жылумен қамтамасыз етуге бағытталған жобалармен танысты.

Shokeev1

Таукент кентінде орналасқан «Уран Қуат» ЖШС-і жылу маусымына дайын. Таукент және Қыземшек кентін жылумен қамтамасыз ететін орталық 4 мекеме, 39 көпқабатты тұрғын үйлер мен 180 жеке үйлерді, 9 бюджеттік мекемені мазут отынымен жылытып отыр. 279 адам тұ­рақты жұмыспен қамтылған.

Облыс әкімі Шолаққорған ауы­лын­дағы АГТС магистральды газ құ­бы­ры-тармағын салу» жобасының жұ­мысымен танысты. Газ құбырының ұзын­дығы  – 43,809 шақырым. Созақ ау­данын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған жоба рес­публикалық және облыстық бюджеттен қаржыландырылады.

Созақ ауданындағы тағы бір ауқымды инвестициялық жоба Шолаққорған ауылында орналасқан «ЮКСЭС-50» ЖШС күн электростансасы іске қо­сылды. Күннен қуаттанатын стансаға аудандағы индустриалды аймақтан 120 га жер берілген. Қауіпсіз энергия көздерін дамытуға бағытталған үлкен жоба аясында жүзеге асқан жаңа стансада заманауи үлгідегі құрал-жабдықтар қо­йылған.

Жоба құны 24 млрд теңгені құрады. Өндірістік қуаты 50 мВТ 30 тұрақты жұмыс орны ашылған.

Jastar ortaligi

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Созақ ауданына жасаған жұмыс сапарында Жастар ресурстық орталығының жаңа ғимаратының ашылу салтанатына қа­тысты. Заманауи жабдықтармен қам­тамасыз етілген ғимарат соңғы үлгіде салынған. Облыс басшысы жаңа ор­талықтың ашылу салтанатына орай шаңырақ көтерген жас жұбайларға сал­танатты түрде неке куәлігін табыс етті.

 

Тельман БЕЙСЕН,
Түркістан облысы

 

 

 
Тегтер: газжарықжылуӨмірзақ ШөкеевСозақ ауданыТеріскейтөрт түлік
Алдыңғы жаңалық

Тапсырманың 75 пайызы орындалмаған

Келесі жаңалық

Қазақстанның солтүстігінде барлық Ленин көшесінің атауы өзгермек

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері басы жарылған баланы далада қалдырып кеткен
Жаңалықтар

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері басы жарылған баланы далада қалдырып кеткен

Қаңтар 21, 2021
Тоқаев
Жаңалықтар

Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасына пікір білдірді

Қаңтар 21, 2021
Шымкентте мектеп директоры 8 жылға сотталды
Жаңалықтар

Шымкентте мектеп директоры 8 жылға сотталды

Қаңтар 21, 2021
Ресейдің Қазақстандағы елшісі ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды
Жаңалықтар

Ресейдің Қазақстандағы елшісі ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды

Қаңтар 21, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері басы жарылған баланы далада қалдырып кеткен

Қаңтар 21, 17:55

Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасына пікір білдірді

Қаңтар 21, 17:43

Шымкентте мектеп директоры 8 жылға сотталды

Қаңтар 21, 17:29

Ресейдің Қазақстандағы елшісі ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды

Қаңтар 21, 16:58

«Nur Otan»-ның аймақтық филиалдары басшылығында бірқатар тағайындау болды

Қаңтар 21, 16:45

Шахтаға түскен әкім шахтерларды таңғалдырды

Қаңтар 21, 16:34

Мәскеуде қазақстандық кейуананы бауыздап тастаған

Қаңтар 21, 16:29
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері басы жарылған баланы далада қалдырып кеткен

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері басы жарылған баланы далада қалдырып кеткен

Қаңтар 21, 2021
Тоқаев

Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасына пікір білдірді

Қаңтар 21, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»