Вирустың қалай пайда болғаны анықталды
Вирустың қалай пайда болғаны анықталды
119
оқылды
Қытайдың шығысында орналасқан Циндао қаласында коронавирустың пайда болу себебі анықталды. Жұғу дезинфекцияның дұрыс жасалмауынан болған. Бір науқас кеуде қуысы аурулары емханасына келіп, компьютерлік томо­графиядан өтеді. Ал одан бұрын дәл осы құрылғыда COVID-19-ға шалдыққандар тексеріліпті. Өйткені осы мекеме сырттан вирус жұқтырып келгендерді емдеу орны болып бекітілген. Сөйтіп, келесі келген науқас коронавирус жұқтырған. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі хабарлады. Бұдан бұрын Циндаода үш адамның вирус жұқтырғаны анықталған болатын. Осыған байланысты жергілікті билік өкілдері тұрғындарды жап­пай тестілеуден өткізді. Бүгінге дейін 10 миллионнан астам адамнан тест алынып,  9 миллионға жуық адам талдаудан өткен.    

А. ӘБДІҒАЛИ