Бір айдан кейін Аққайың ауданының Тоқшын ауылында жергілікті қоғамдастықтың жиналысы өтеді.
Басты тақырып – Ленин, Калинин және басқа да моральдық тұрғыда «ескірген» көше атауларын өзгерту. Әзірге көше атауларын ғана өзгерту жоспарда. Қазір Солтүстік Қазақстанда 82 көше Владимир Лениннің есімімен аталады. 34 ескерткіш бар деп жазады Петропавловск.news. Олардың ішіндегі ең ірісі «Қарасай» стадионына қарама-қарсы православие зиратында тұр.