«Тарих халыққа тағы бір сабақ үйретті, әсіресе билікке»: Садыр Жапаров үндеу жасады
«Тарих халыққа тағы бір сабақ үйретті, әсіресе билікке»: Садыр Жапаров үндеу жасады
136
оқылды
Президенттің міндетін атқарушы премьер-министр Садыр Жапаров өткен күндер ел тәуелсіздігінің, еркіндігінің, демократияның, көпұлтты келісімнің және Қырғыз Республикасы халықтары бірлігінің беріктігіне сынақ болғанын айтты. Бұл туралы   24.kg хабарлайды. «2020 жылдың 4 қазанында тарихи сайлау өтуі керек еді.​ Халық Жогорку Кенешті ғана емес, болашақты, әділдікті таңдады. Өкінішке қарай, билік халықтың мұңын көре алмаған. 2005 және 2010 жылдардағы екі халық революциясының сабағы ұмытылды», – дейді ол. Садыр Жапаровтың айтуынша, тарих халыққа тағы бір сабақ үйретті, әсіресе билікке. Билік әрқашан өз халқына қызмет етіп, оның таңдауын қабылдауы керек.​ 4 қазанда халықтың жеңісі, жастардың жеңісі ұрланып, ауқымды саяси дағдарыстың басталуына түрткі болды. Оның мақсаты – елде әділеттік орнату, сыбайлас жемқорлыққа қарсы нақты күрес жүргізу екенін атап өтті.​ «Бұдан былай сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саяси қарсыластарды жою құралы болмайды», – деді Садыр Жапаров.​