Ұлыбритания парламенті Brexit уақытын кейінге шегеруге дауыс берді, деп хабарлады ВВС.
Ақпарат құралының хабарлауынша, 322 депутат Brexit уақытын кейіге қалдыруды сұрап дауыс берсе, 306 депутат қарсы болған. Алайда, дауыс беру нәтижесіне қарамастан премьер-министр Борис Джонсон Еуроодақтан Brexit уақытын кейінге шегеруді сұрамайтынын мәлімдеді.
«Ұлыбритания Еуроодақтан 31 қазан күні қалайда шығады»,– деді Борис Джонсон.
Айта кетейік, сарапшылар егер Ұлыбритания Еуроодақтан келісімсіз шығатын болса, бұл шешім мемлекетке үлкен шығын келтіретінін айтады. Сонымен қатар, экономикаға тигізетін зардабы да үлкен.