Әуеде 19 сағат тоқтаусыз ұшқан ұшақ
Әуеде 19 сағат тоқтаусыз ұшқан ұшақ
103
оқылды

Аустралиядағы Qantas әуе компаниясына тиесілі Boeing 787-9 лайнері әуеде ең ұзақ авиарейсті жасады, деп хабарлайды FlightAware порталы.

Рейс 19 сағат 14 минут бойы жерге қонбай, Нью-Йорк қаласынан Сиднейге ұшып барған. Ұшақ 16 мың 309 шақырымды ұшып өткен.

Айта кетейік, осыған дейінгі рекордты Нью-Йорк-Сингапур рейсі (18 сағат 50 минут) орындаған.