Қара түтін астаналықтардың үрейін ұшырды – видео
Қара түтін астаналықтардың үрейін ұшырды – видео
150
оқылды
Өртенген ғимарат Мәңгілік ел даңғылының бойында орналасқан. «Бүгін сағат 17:10 шамасында қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері Мәңгілік ел, 40 А мекенжайына келіп жетті. Келе салысымен құрылысы бітпеген «Көркем-4» тұрғын үй кешенінде битум жұмыстары жасалып жатқаны белгілі болды. Осы жұмыстың барысында ағаш «поддондар» өртенген. Қызыл жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыды», – деп мәлімдеді ТЖД баспасөз қызметі. Өрт 17:36 шамасында сөндірілген. Оқиғадан ешкім зардап шекпеді. https://www.instagram.com/p/CGcZar7Dfen/