Қазақстан шекарасына заңсыз өтпек болған Қырғыз Республикасы азаматтары ұсталды
Қазақстан шекарасына заңсыз өтпек болған Қырғыз Республикасы азаматтары ұсталды
147
оқылды
Қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту әрекетін анықтады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 15 қазанда «Қарасу» өткізу пунктінде болған. «Шекара жасағы «Мерседес-бенц» автомашинасын тексеру барысында салоннан төлқұжаттық бақылаудан жасырынған және шекараны тіркеусіз кесіп өтуге тырысқан Қырғыз Республикасының 6 азаматын тапты», – деп хабарлады ҰҚК. Көлік жүргізушісі мен 6 азамат ұсталып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтуге әрекет жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.