Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр
Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр
172
оқылды
17 және 18 қазан күндері «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.   Қала әкімдігінің мәліметі бойынша, оған «Магнум» ірі сауда желісі және ҚР Ет одағының мүшелері, сондай-ақ өңірлерден ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің көтерме сауда жеткізушілері қатысады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бағалар нарықтық бағадан 10-15%-ға төмен.
«Жылқы еті мен қазының бағасы –  2 100 теңге. Бұл баға тұрғындарға қолжетімді деп ойлаймын. Біз ет өнімін Нұр-Сұлтаннан 60 шақырым қашықтағы шаруашылықтан әкелеміз. Сатып жатқан өнімдеріміз көптің көңілінен шығады деген сенімдеміз», – деді саудагер Гауһар Жантыбаева.  жәрмеңке «Қыстың алдында осындай жәрмеңкелер жиі болып тұрады. Бұл қалтамызға өте қолайлы. Мысалы, картоптың келісін 110 теңгеден сатып алдым. Осындағы сауда дүкендеріне қарағанда мұндағы баға едәуір тиімді. Осындай жәрмеңке жиі болып тұрса біз тек қуанамыз», – деді қала тұрғыны Рустем Мыңасаров.
Айта кетсек, жәрмеңкеде барлық карантин талаптары сақталған. Келесі жәрмеңке 24-25 қазанда «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда өтетін болады.