Алматы әкімдігі Үлкен Алматы көліне қатынайтын экоавтобус шығаруды қарастыруда. Бұл туралы қала басшысы Instagram-дағы парақшасында жазды.
«Мыңдаған туристерді, қала тұрғындары мен оның қонақтарын Үлкен Алматы көліне апаратын жолдың жағдайын тексердім. Көлдің экожүйесіне жүктемені азайту үшін экоавтобустарды іске қосу және жеке автокөліктердің жүруіне шектеу қою мүмкіндігін қарастырмақпыз. Осы арқылы Үлкен Алматы көліне апарар жолдың қауіпсіз, жайлы және экологияға зиян келтірмеуін көздейміз»,– деп жазды Бақытжан Сағынтаев.