АҚШ Сириядағы өз әуебазасын жарып жіберді
АҚШ Сириядағы өз әуебазасын жарып жіберді
5,077
оқылды

АҚШ қарулы күштері әскерлерін шығарғаннан кейін Сирияның солтүстік-шығысындағы Әл-Хасаке провинциясында орналасқан өздерінің әуебазасын жарып жіберді. Бұл туралы Сирияның ұлттық САНА агенттігі хабарлады деп жазады РИА Новости.

Агенттік ақпарына сәйкес Құрама Штаттар әскери-көліктік ұшақтар үшін ұшу-қону жолағы жасақталған Клейб базасын жарып жіберген.

Аталған база күрд жасақтары мен түрік күштері арасында қақтығыс жүріп жатқан Тель-Тамар қаласына жақын Тель-Байдарда орналасқан.

Өткен жылы желтоқсанда Трамп Сириядан әскер шығару туралы шешім қабылдаған еді. Бірақ АҚШ қарулы күштерінің Сирияны қанша уақытта тәрк ететінін нақты хабарламады.