Нұр-Сұлтанда жаңа саябақ ашылды
Нұр-Сұлтанда жаңа саябақ ашылды
138
оқылды
Елорданың Сарыарқа ауданына қарасты Көктал-1 ықшамауданында жаңа саябақ ашылды. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов хабарлады. «Нұр-Сұлтан қаласында елорда тұрғындары мен қонақтары бос уақытын тиімді өткізе алатын орындар саны артып келеді. Биыл қауіпсіз және жайлы қоғамдық кеңістіктер бірнеше есе көбейді. Карантин уақытында олардың қаншалықты қажет екені көрініп-ақ тұрды. Көктал-1 елді мекенінде 16 гектарға жуық саябақ ашылды. Жаңа кеңістік үш үлкен аймаққа бөлінген. Біріншісі – тыныш демалыс аймағы. Мұнда, мысалы, амфи-театр орнатылды – ашық аспан астында кинотеатр ұйымдастыруға болады. Сонымен қатар ротунда да бар. Жастар үйлену тойын өткізе алады. Тыныш аймақта серуендеу және демалу үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Үшіншісі - балаларға арналған демалыс аймағы. Оған мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын алаңдары да кіреді. Парктің ерекшелігі - веложол қоғамдық кеңістіктің барлық периметрі бойынша өтеді, осылайша парктің барлық үш аймағын қамтиды. Сондай-ақ, олар иттерді серуендеуге арналған арнайы алаңмен жабдықталған. Біз саябақта ағаштар отырғызамыз, болашақта ол экозонның бір түріне айналады. Бейнебақылау камераларын орнатамыз», – деп жазды қала әкімі Instagram парақшасында. саябақ Қала әкімінің  айтуынша, екінші аймақ спортпен шұғылдануға арналған. Аймақ баскетбол, футбол, волейбол алаңдарымен, теннис кортымен, воркаут және йога алаңымен жабдықталған. Саябақтың барлық аймағын қыста да пайдалануға болады: коньки, шаңғы тебу және басқа ойын-сауық түрі бар. «Елорданы «Нұр-Сұлтан-тұрғындарға жайлы қала» мастер - жоспарының тұжырымдамасы аясында дамытамыз. Басымдықтардың бірі - серуендеу мен спортпен шұғылдану үшін орындар құру. Әр ауданда өз тартылыс нүктелері болады», – деді қала Алтай Көлгінов. саябақ