Бурабайдағы өртті тікұшақпен сөндіріп жатыр
Бурабайдағы өртті тікұшақпен сөндіріп жатыр
133
оқылды
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы орман алқабы өртенді. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 17 қазанда шыққан. Шөп өртеніп, қатты жел салдарынан үлкен аумаққа таралған.
«Тілсіз жауды ауыздықтауға «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жұмысшылары мен аумақтық ТЖД жеке құрамынан 107 қызметкер және 16 арнайы өрт сөндіру техникасы тартылды. Сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» АҚ бір өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. Өрт 70 гектар аумақты шарпыды», – деді департаменттен.

Жалын бүгін таңғы сағат 05:40 кезінде ауыздықталды. Қазір «Қазавиаорманкүзеті» мемлекеттік мекемесінің тікұшағы арқылы өрт болған аумаққа әуеден бақылау жүргізіп жатыр.

[caption id="attachment_80641" align="alignnone" width="800"]өрт Фото: ашық дереккөзден[/caption]