22 жастағы Бекзат Нұрдәулетов 31 қазанда Атырауда өткізетін бокс кешінде кәсіпқой рингтегі бірінші жекпе-жегін өткізеді. Бұл шоуда шетелдік және қазақстандық боксшылар өнер көрсетеді. Көрерменсіз өтетін бокс кеші "Хабар" арнасынан тікелей көрсетіледі деп жазады Кaz.vesti.kz. Бұл кеште кәсіпқой рингтегі бірінші жекпе-жегіне Данила Семенов пен 2017 жылғы Азия чемпионатында жүлделі болған Абылайхан Жүсіпов те шығады. Нұрдәулетов пен Жүсіпов – Қазақстан құрамасының көшбасшылары. Мұның алдында олар Олимпиадаға жолдаманы жеңіп алған. Ал Атырауда олар Олимпиада комитетінің рұқсатымен жұдырықтасады. Қазақстан құрамасы боксшыларының қарсыластары кім екені әзірге белгісіз.