"Полицейлер «төс қағыстыру» рәсімі өтіп жатқанда келді": Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан той тоқтатылды – видео
"Полицейлер «төс қағыстыру» рәсімі өтіп жатқанда келді": Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан той тоқтатылды – видео
Нұр-Сұлтанда 90 қонақтың қатысуымен өтіп жатқан той тоқтатылды. Елорданың полиция департаментінің мәліметінше, 17 қазан күні астаналық тұрғын DiLu Plaza мейрамханасында карантин бұзылғанын хабарлаған. Мекемеде шынымен керемет той өткізілгені белгілі болды, 90-ға жуық қонақ болған. «Полицейлер «төс қағыстыру» рәсімі болып жатқанда келді. Іс-шараның 47 жастағы бастамашысы және 37 жастағы мейрамхана әкімшісі карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген полиция хабарламасында. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті карантиннің күшейтілгенін еске салып, тәртіп бұзушылар жауапқа тартылатынын ескертті. https://www.youtube.com/watch?v=Eitf9zIz8kc&feature=emb_logo&ab_channel=%D0%92%D0%B8%D0%B4%D0%B5%D0%BETengrinews