Нұр-Сұлтан тұрғындарын пышақтап кеткендер ұсталды
Нұр-Сұлтан тұрғындарын пышақтап кеткендер ұсталды
© Сурет ғаламтордан
302
оқылды
Желіде Нұр-Сұлтанда орын алған төбелес видеосы тарап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz. Полиция қызметкерлері күдікті 5 адамды ізін суытпай қолға түсірді. Олар 23 қаңтар күні сағат 18.40.  тұрғын үйдің ауласында болып қоғамдық тәртіпті бұзған. Сонымен қатар сол маңда отырған жігіттермен арада жанжал шығарады. Олардың біреуі осы үйде тұрған.   https://www.youtube.com/watch?time_continue=62&v=NVYGbOFDZQs&feature=emb_logo Жанжал жаппай төбелеске ұласып, қақтығыс барысында ұсталғандардың бірі пышақпен екінші тараптың екі қатысушысына соққы жасаған. Осыдан кейін төбелес бастағандар оқиға орнынан екі машинамен қашып кеткен. Бірнеше сағат ішінде полиция қызметкерлері жасырынған азаматтардың жеке басын анықтап, оларды ұстады.  Пышақ жарақатын салған күдікті Нұр-сұлтан қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.