WhatsApp қоңырауларына салық: Ливанда наразылық басылмай тұр
WhatsApp қоңырауларына салық: Ливанда наразылық басылмай тұр
137
оқылды

Ливанда наразылық шеруіне шыққандар үкіметтің отставкаға кетуін талап етуде.

Жаппай наразылықтан «Ливан күштері» христиан партиясы басқарушы коалиция құрамынан шығып кетті. Шерушілер бұл ақпаратты үлкен қуанышпен қабылдады.

Триполиде наразылыққа шыққандар фейерверктен от шашып, өзге парияларды да басқарушы коалиция құрамынан шығуға шақырып, кезектен тыс сайлау өткізуді талап еткен.

Ливандағы наразылық 17 қазанда WhatsApp  және өзге де мессенджерлер арқылы соғылатын телефон қоңырауларына салық енгізу туралы үкіметтің шешімінен кейін басталды. Билік бұл шешімді дереу жоққа шығарды, алайда наразылық әлі басылмай тұр.

Белсенділер жемқорлық, салықтардың көбеюіне қарсы шығып, үкіметтің билікті тәрк етуін талап етуде.