Жапыраққа төселген асфальт қала тұрғындарының ашуын туғызды – видео
Жапыраққа төселген асфальт қала тұрғындарының ашуын туғызды – видео
140
оқылды
Павлодар әкімі қала тұрғындарының әлеуметтік желілердегі хабарламаларына жауап беріп, жұмыс орнына барды.

«Әлеуметтік желілерде құлаған жапырақтарға асфальт төсеу туралы видео пайда болды, бұл қала тұрғындарының наразылығын тудырды. Қала әкімі Ержан Иманслям оқиға орнына шығып, мердігерлерді шақырды. Естай көшесі, 142 мекенжайындағы үйдің ауласына асфальт төсеу жұмыстарын «Бонус строй» ЖШС мердігерлік ұйымы технологиялық процесті  бұзып орындады», – деп хабарлады Павлодар қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Салтанат Әкімбекова.

Әкімбекованың ақпараты бойынша, мердігер ұйымға төселген асфальт жабынын бөлшектеуге және жұмыстарды қайта жүргізуге тапсырма берілді. Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, Автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөліміне осы жұмыстардың орындалуына бақылау жүргізу тапсырылды деп жазады Newtimes.kz. https://www.instagram.com/p/CGgryzqBp9-/