Шымкент соты медбикені зорлады деген дәрігерді ақтады
Шымкент соты медбикені зорлады деген дәрігерді ақтады
179
оқылды

Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық соты медбикені зорлады деп айыпталған нефролог дәрігерді ақтады.

Сот процесі барысында дәрігер өзіне тағылған айыптарды мойындамаған. Сот-биологияық сараптамасының нәтижелері мен бес куәгердің куәлігі зардап шегушінің алға тартқандарын дәлелдеп бермеген.

«Сот тергеу барысында көптеген заң бұзушылықтар анықталды, қызметтік тексеріс жүргізу үшін тергеушіге қатысты Шымкент қаласы Полиция Департаментінің басшысының атына жеке қаулы шығарылды», - деп хабарлады сот.

Сот шешімімен күдікті ҚР Қылмыстық Кодексінің 120 бабы («Зорлау») 1 бөлімі, 121 бабы («Сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеті») 1 бөлімі бойынша кінәсіз деп танылды.

Қылмыстық іс жабық сот режимінде қаралды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

2019 жылы медбике болып жұмыс істейтін Шымкент тұрғыны өзін бастығы, нефролог дәрігер зорлады деп полицияға жүгінген.

Қыздың айтуынша, ер адам олар бірге жұмыс істейтін кеңседе оған әдепсіз ұсыныстар жасаған, содан кейін оны қорлаған деп жазады «Отырар».

Шағым жазған азаматшаның айтуынша зорлыққа қатысты істі мамырда қылмыс құрамы жоқ деп жауып тастаған. Кейіннен істі екінші рет қараған.