Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек - Тоқаев
Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек - Тоқаев
141
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа әліпбиді жетілдіру керек деп есептейді, себебі онда олқылықтар бар. Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің Twitter парақшасында жазды.

«Әліпбиді латын қарпіне көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына екі жылға жуықтады. Бірақ қарпімізде әлі де олқылықтар бар. Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек. Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұловаға тиісті тапсырма бердім. Алдымызда ауқымды жұмыс тұр», - деді мемлекет басшысы.