«Ұл» сөзінен басталатын қанша қыз есімі бар?

«Ұл» сөзінен басталатын қанша қыз есімі бар?

Шынымен, бұл сенім қаншалықты орындалады екен?

Елімізде «ұл» сөзінен басталатын есім 75 400 қыз-келіншекте бар екен. Бұл статистиканы халықаралық қыздар күніне БҰҰ-ның халық мәселелері жөніндегі қоры (ЮНФПА) жариялады.


Көбіне қыз балаға мұндай есімнің берілуі – артынан ұл баланың тууын тілеуі. Бұл ырым ба, сенім бе, кім біледі? Бірақ осы нәрсе қанымызда бұрыннан бар. Сондықтан да ел арасында Ұлболсын, Ұлтусын, Ұлдана, Ұлжалғас, Ұлпан, Ұлбала, Ұлдарай, Ұлтуар, Ұлжан, Ұлту, Ұлмекен, Ұлдархан есімі кеңінен таралған. Ал осыған мағыналас тағы да 300-ге жуық ат бар.


https://youtu.be/9e_PF1WV4dU


Бұл зерттеу 1905 – 2019 жыл аралығындағы қыз-келіншектерге жүргізілген. Сонда анықталғаны мұндай есімдер 1667 адамға қойылған. Бұл бір жылдың ішінде, 2008 жыл ең көп қойылыпты. 

Ал ең жоғары шыңы 1990-2009 жылдар аралығы. Осы кезеңде 27 555 адамға осындай есім берілген. Бірақ соңғы бес жылда мұндай атты қою сиреп кеткен. Мәселен, биылғы жылдың тоғыз айында 572 қызға ғана осындай есім берген.


Зерттеу нәтижесінде, осы есімдер көбіне оңтүстік өңірде қойылады екен. Өйткені қыз-келіншектің 70 пайызға жуығы осы жақтыкі болып шықты. 

Ал Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақастан мен Қостанай облыстарында мұндай аттас есім 7 пайызды құрайды. Онда да бұл есімді қаладан гөрі, ауыл тұрғыны көбірек береді екен.


Алайда осы ырым қаншалықты сенімді ақтайды. Осы жағын бір адам болсын ойлады ма? Шынымен, мұндай есімнен кейін бірі ұлы туса, енді бірі қыз тауып жатады. Ел арасында сауалнама жүргізгенде, ешкім нақтысын айта алмайды.

 Статистикалық мәліметтерге сәйкес, соңғы 2 жылда осы есіммен атанған қыздардан кейін 1923-і босанған. Соның тек 1016 ұл туған екен. Бұл дегеніміз – 51 пайызды құрайды.