Қазақстанда 14 мың адам түрмеде отыр.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы, полиция полковнигі Жанат Ешмағамбетов айтты. Оның айтуынша, Қазақстан сотталғандар саны жөнінен әлемдік рейтингте 100-орында тұр.Қазір еңбекке қабілетті 14 мың адам түрмеде отыр. Оның 11 мыңы колонияларда еңбек етеді.«Сотталғандар саны бойынша рейтингте Қазақстан 100-орында тұр. Ал 18 жыл бұрын АҚШ пен Ресейден кейін үшінші орында тұрған болатын», – деді Жанат Ешмағамбетов.
«Еңбек» бағдарламасы аясында сотталғандар да еңбек етіп жатыр. Кәсіпорындарда құрылыс материалдары, ағаш, темір және пластик өнімдерін жасаумен, сондай-ақ ет, сүт, нан және түрлі кондитерлік өнімдерді өндіруге атсалысады», – дейді Жанат Ешмағамбетов.