Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бөтен адамдар мектепте дәріс оқымауы тиіс деді. Бұл туралы министр мектептерде Мұхамеджан Тазабектің дәрістері өткізілді ме деген сауалға жауап беру барысында айтты деп жазады Tengrinews.kz.
«Мектептерде тек мұғалімдер ғана іс-шара өткізе алады. Және бұл жағдайда Мұхамеджан Тазабек іс-шара өткізді деп айту ол – қате. Себебі ешқандай іс-шара өткен жоқ. Қазір әлдекім бірдеме жоспарлады деп қиып-пішіп айту қиын. Егер іс-шара мектептерде өтсе, мен сұраққа жауап берер едім. Алайда ол өткен жоқ және талқылайтын мәселе де жоқ», - деді Аймағамбетов журналистің сұрағына жауап беріп.
Министрден оқу орындардында кім дәріс оқи алады деп қайта сұрады. «Ол (М.Тазабек-ред) өткізе алмайды. Егер сіз діни мәселені айтып тұрсаңыз, оқу орнына келіп, кез келген адам өзінің діни көзқарасы туралы айта алмайды және қазір бұл болып жатқан жоқ», - деді Аймағамбетов.
М.Тазабек «Асыл арна» телеарнасының бас директоры. Бұған дейін ол полицейлерге дәріс оқығаны туралы бейнежазбалар пайда болған еді.