Сәби өлімін жасырудың 277 фактісі анықталды
Сәби өлімін жасырудың 277 фактісі анықталды
162
оқылды

Атыраудағы сәби өлімінен кейін республика бойынша деректер мен медициналық карталарға жаппай аудит жүргізілген. Бұл туралы Сенаттағы Үкімет сағатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.

– Біз Атырау облысында туғаннан кейін шетінеп кеткен барлық нәрестелердің шыны препараттарынан алынған объективті деректер мен медициналық карталардың аудитінен кейін ел бойынша жаппай аудит жүргіздік. Талдау нәтижесінде есепке алынбаған ерте неонаталдық өлім-жітімнің 277 нәресте өлімін жасырып қалу фактілерін анықтадық. Осыған байланысты 2018 жылы нәресте өлімінің көрсеткішіне түзету жүргізілді. Бұрынғы 1000 нәресте бойынша өлім-жітім көрсеткіші 8,03-тен 8,7-ге өзгерген,– деді ол.

Министрдің айтуынша, өлім себептері бойынша жүйелі шаралар цифрландыру мен статистикалық деректердің сапасын жақсарту арқылы белсенді түрде жүргізілуде.