"Карантиннің белгісі": "Нұр-Сұлтан – Қарағанды" тас жолында блокбекеттер қойылды деген сөз шықты

"Карантиннің белгісі": "Нұр-Сұлтан – Қарағанды" тас жолында блокбекеттер қойылды деген сөз шықты

Желіде Қарағанды облысының периметрі бойынша карантиндік блокбекеттер орнату туралы ақпарат таратылуда. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, – деп жазады stopfake.kz.

Әлеуметтік желілерде пайдаланушылар Нұр-Сұлтан – Қарағанды тас жолында бетон бекеттер көрсетілген видеоны талқылауда. Пайдаланушылардың пайымдауынша, бұл аймақтарда тағы бір қатаң карантиннің болатынының белгісі.

Шын мәнінде 19 қазаннан бастап Қарағанды облысында карантиндік шаралар күшейтілді. Алайда бұл қалаға кіруге және шығуға тыйым салынады деген сөз емес.

– Өңір бойынша санитарлық бекеттер жұмыс істейтін болады, олардың саны – 8. Бұл кіреберісте дәрігерлер мен полиция қызметкерлері жұмыс істейді деген сөз. Тексеру сауалнаманы және термометрияны қамтиды. Бұл блокбекеттер емес, – деп хабарлады Қарағанды облысының әкімдігі.

Санитарлық бекеттер Жезқазған, Приозерск, Ұлытау, Нұра, Бұқар Жырау, Қарқаралы аудандарында және екеуі Осакаров ауданында қойылды.

Қазіргі уақытта облыстың карантинге жабылғаны туралы ақпарат жоқ. Егер жүргізуші мен жолаушылар сау болса, санитарлық бекеттер жол жүруге кедергі келтірмейді.

"Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз. Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 What’s App номеріне жіберіңіз", - делінген ақпаратта.