26 қазаннан бастап кинотеатрлар жұмысын бастайтын болды
26 қазаннан бастап кинотеатрлар жұмысын бастайтын болды
118
оқылды

Премьер-Министр А. Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді, – деп хабарлады Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссиясы.

ВАК бірқатар шешім қабылдады: І. Шекарадан өткізу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейту - 2020 ж. 26 қазаннан бастап шет елдердегі эпидемиологиялық ахуалды ескерумен шетелге ұшатын әуе рейстерінің санын қысқарту; - Қазақстан аумағына келгендердің барлығын (соның ішінде ҚР азаматтарын), сондай-ақ екіжақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын жүргізушілерді міндетті ПТР-тестілеуден өткізу; - шетелден келушілерге, оның ішінде ҚР азаматтары үшін де ПТР тестіден өткені туралы анықтаманың жарамды мерзімін 3 күнге дейін белгілеу II. ПТР-тестілеу 2020 жылғы 19 қазаннан бастап ҚР көптеген өңірлік зертханаларында ПТР-тестілеу құны 9 мың теңгеге дейін төмендетілді. III. Сырқаттанушылық өсімі болмаған жағдайда, «жасыл» тұрақты эпидемиологиялық ахуалы бар өңірлерде бизнес субъектілерінің қызметін кезең-кезеңмен қайта жандандыру 2020 жылғы 24 қазаннан бастап сенбі күндері сағат 17:00-ге дейін СОСО, сауда үйлері, жабық базарлар жұмыс істей бастайды.

Биылғы 26 қазаннан бастап кинотеатрлар қашықтықты және маска тағу режимін сақтай отырып, 30%-дан аспайтын толығумен жұмысын қайта бастайды.

IV. Шектеу шараларын сақтау Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, бильярд және компьютер клубтарының, ойын-сауық мекемелерінің, банкет залдарының, түнгі клубтардың қызметіне салынған тыйым сақталады. Облысаралық жолаушылар тасымалдарына және ортақ вагондарды құруға тыйым салу жалғасады.