20 қазан күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады. Атырау облысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болжанады. Солтүстіктен, солтүстіктен-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с артады. Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с артады. 20, 21 қазан күндері Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде 1 градус үсік сақталады.