Сот жұмысына сенім қажет
Сот жұмысына сенім қажет

Мемлекет басшысы Жо­ғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабыл­дады.

Қазақстан Президентіне биылғы 9 ай ішіндегі Жоғарғы сот қызметінің қоры­тындылары мен сот жүйесін жетілдіру бойынша жүргізілген жұмыстар жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа судьяларды іріктеу жүйесін жақ­сарту, бірыңғай сот тәжірибесін қамтамасыз ету, сот төрелігін жаң­ғырту, соның ішінде соттан тыс тату­ласу орталығын құру, отбасы сот­­тары мен фронт-офистер жайын­­да атқарылған шаралар туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы халықтың сот жұмысына деген сенімін арт­тыру, азамат­тардың өтініш-ша­ғымдарын әділ қарау, шығары­ла­тын сот шешімдерінің сапасын жақсарту қажеттігін айтты.