Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады.
Қазақстан Президентіне биылғы 9 ай ішіндегі Жоғарғы сот қызметінің қорытындылары мен сот жүйесін жетілдіру бойынша жүргізілген жұмыстар жөнінде мәлімет берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа судьяларды іріктеу жүйесін жақсарту, бірыңғай сот тәжірибесін қамтамасыз ету, сот төрелігін жаңғырту, соның ішінде соттан тыс татуласу орталығын құру, отбасы соттары мен фронт-офистер жайында атқарылған шаралар туралы баяндалды.
Мемлекет басшысы халықтың сот жұмысына деген сенімін арттыру, азаматтардың өтініш-шағымдарын әділ қарау, шығарылатын сот шешімдерінің сапасын жақсарту қажеттігін айтты.