Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия кейбір нысандар жұмысына салынған шектеу шаралары жалғасатынын хабарлады.
"Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, бильярд және компьютер клубтарының, ойын-сауық мекемелерінің, банкет залдарының, түнгі клубтардың қызметіне салынған тыйым сақталады. Облысаралық жолаушылар тасымалдарына және ортақ вагондарды құруға тыйым салу жалғасады", - делінген ВАК отырысында қабылданған шешімде.Еске сала кетейік, бұған дейін кинотеатрлар жұмысын бастайтынын хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ сенбіде сауда үйлері мен жабық базарлар жұмыс істейтін болады.