Дөрекілік көрсеткен ғашықтар жауапқа тартылды
Дөрекілік көрсеткен ғашықтар жауапқа тартылды
5,243
оқылды

Нұр-Сұлтанда көліктің капонда сүйіскен ғашықтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Бейнежазбаны көлік иесі түсірген. Онда жастардың сезімге беріліп, бөтен көлікке сүйеніп, сүйісіп тұрғаны көрінеді. Бұны көрген көлік иесі полиция шақырған. Оқиға орнына полиция келгенде бойжеткен көлік иесіне ашуланып, көліктің әйнегін ұрып жіберген.

"16 қазанда қала тұрғынынан жасардың дөрекі қылығына қатысты шағым түсті.  Полиция келіп, деректі растады. Жастар полиция бөліміне жеткізілді. Ғашықтар - 30 жастағы ер адам мен оның 26 жастағы құрбысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді полиция қызметкерлері.