«Nur Otan» партиясы өкілдері Сайрам тұрғын алабын тексеріп, ескертулер жасады

«Nur Otan» партиясы өкілдері Сайрам тұрғын алабын тексеріп, ескертулер жасады

«Nur Otan» партиясы Қаратау аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабы тұрғындарының жарықтың, жаяу жүргіншілер өткелінің, тротуарлардың, асфальттың жоқтығына, сондай-ақ электр энергиясының үзілуіне және Хавазмат ата мен Марьям ана көшесін тазалауды жүргізуге шағымы бойынша тексеру жүргізді. Тексеру барысында Шымкент қаласының автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасы аталған көшеде жөндеу жұмыстарын жоспарламағаны анықталды. Партиялық бақылау комиссиясымен Қаратау ауданының әкімдігіне 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін келесілер ұсынылды: - Хавазмат ата және Марьям ана көшелері бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу (жарықтандыру орнату, тротуарлар төсеу және жолды асфальттау) үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуді; - «Электрожелі» ЖШС-мен бірлесіп, Хавазмат ата және Марьям ана көшелері бойынша электр энергиясын үздіксіз беру үшін электр энергиясын берудің қосымша трансформаторын орнатуды; – «Ак Семсер-Строй сервис» ЖШС-нің көшелерді, оның ішінде Хавазмат ата және Марьям ана көшелерін тазарту жөніндегі жұмысын бақылауға алсын, тұрғындар тарапынан осы ЖШС-нің жұмысына шағымдар көбейген жағдайда, жасалған шартты бұзу мәселесін қарасын.