Әйелін пышақтағаны үшін 2 тәулікке қамалды
Әйелін пышақтағаны үшін 2 тәулікке қамалды
97
оқылды
SVET қоғамдық қоры өкілдерінің берген мәліметтеріне сүйенсек, іс әкімшіліктен қылмыстық іс бойынша қайта сараланған. Биылғы мамыр айында Арайлымды бұрынғы күйеуі пышақтап өлтіре жаздаған. Денесін тілгілеп, денсаулығына орасан нұқсан келтірген. Жәбірленушінің ай­туынша, ол бірнеше рет соққы алған, соның салдарынан ауруханаға түскен. Алматы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сот-медициналық сараптама нәти­­желері істі қайта ауыстыруға себеп болған.
«Іс 107-баптың 1-бөлігі («Ден­­­­саулыққа қасақана орташа ауыр­лықтағы зиян келтіру») бойынша қозғалды, бірақ сараптамадан кейін қылмыстық іс тоқтатылды. Барлығы Қылмыстық-процестік кодекс аясында», – деді Алматы поли­­­циясының баспасөз қызме­тіндегілер. Алматы қаласының маман­­дан­­дырылған ауданаралық әкімшілік сотының үкімінде сотталушының кінәсін мойындап, өкінгені көр­сетілген. «Тараптар сот отырысы барысында бітімге келмеді. Баяндама негізінде құқық бұзушының жеке басын, оның мүліктік жағдайын, құқықбұзушылық жасалғанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын, жасаған әрекетіне өкінуін, жауап­­тылықты жеңілдететін мән-жай ре­тінде іс бойынша жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың бол­­мауын ескере отырып, сот екі тәулікке қамау түрінде әкімшілік жаза та­­­ғайындауы мүмкін деп санайды» делінген үкімде.
 

Жадыра АҚҚАЙЫР