SVET қоғамдық қоры өкілдерінің берген мәліметтеріне сүйенсек, іс әкімшіліктен қылмыстық іс бойынша қайта сараланған. Биылғы мамыр айында Арайлымды бұрынғы күйеуі пышақтап өлтіре жаздаған. Денесін тілгілеп, денсаулығына орасан нұқсан келтірген. Жәбірленушінің айтуынша, ол бірнеше рет соққы алған, соның салдарынан ауруханаға түскен. Алматы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сот-медициналық сараптама нәтижелері істі қайта ауыстыруға себеп болған.
«Іс 107-баптың 1-бөлігі («Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру») бойынша қозғалды, бірақ сараптамадан кейін қылмыстық іс тоқтатылды. Барлығы Қылмыстық-процестік кодекс аясында», – деді Алматы полициясының баспасөз қызметіндегілер. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының үкімінде сотталушының кінәсін мойындап, өкінгені көрсетілген. «Тараптар сот отырысы барысында бітімге келмеді. Баяндама негізінде құқық бұзушының жеке басын, оның мүліктік жағдайын, құқықбұзушылық жасалғанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын, жасаған әрекетіне өкінуін, жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде іс бойынша жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескере отырып, сот екі тәулікке қамау түрінде әкімшілік жаза тағайындауы мүмкін деп санайды» делінген үкімде.
Жадыра АҚҚАЙЫР