Тапаншамен қорқытпақ болған күдіктілер анықталды
Тапаншамен қорқытпақ болған күдіктілер анықталды
135
оқылды
Департамент мәліметі бойынша, 16 қазанда Көкшетау қалалық полиция бөліміне 29 жастағы көлік жүргізушісі арызданған. Зардап шегушінің сөзінше, сол күні сағат 11.15-те Әуезов көшесінің бойында бейтаныс екі ер адам оны тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, жеткізіп салуды талап еткен. «Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары «Аригато» дәмханасының маңында бейтаныс екі ер адамның «Мазда» көлігіне отырып, жүргізушіні тапан­шаға ұқсас затпен қорқытқанын анықтады. Жүргізушінің сөзінше, күдіктілердің бірінің бет-бейнесі азиатқа, екіншісі еуропалыққа ұқсас. Біреуі үстіне — әскери камуфляж күртке, екіншісі қара түсті күртке мен көк түсті джинсы киген», – деді ведомство өкілдері.
Жедел-іздестіру шарасы барысында Жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасы арқылы 29 және 28 жастағы екі ер адам ұсталды. Күдіктілердің бірі СҚО Айыртау ауданының, екіншісі Көкшетау қаласының тұрғыны.  

Жадыра АҚҚАЙЫР