Павлодарда оқыс оқиға көбейді

Павлодарда оқыс оқиға көбейді

Облыстық  Полиция депар­таментінің берген дерек­теріне сүйен­сек, өңірде 3 оқыс оқиға тіркелген. Бірінші оқиға 16 қазанда сағат 08.10-де Павлодар қаласы Назарбаев даң­ғылындағы пәтерде болған. 32 жастағы монтер пәтердегі жөндеу жұмыстары кезінде 5-қа­баттағы балконнан құлап кеткен. Ер адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Екінші оқыс оқиға да осы күні сағат 10.00-де Екібастұзда болған. Қаладағы ЖШС аумағының бірінде 55 жастағы токарь жұмыс барысында аяғынан жарақат алған. Ол да ауру­ханаға жатқызылған. Үшінші оқыс оқиға 18 қазанда сағат 01.40-де Екібастұзда болған. Ондағы ЖШС-нің біріндегі 31 жастағы жұмысшы кірпіш төсеп жатқан. Осы сәтте оны құрал басып қалған. Ер адам дене жарақатымен Екібастұздағы ауруха­наға жеткізілген» делінген хабар­ламада.  

Жадыра АҚҚАЙЫР