Әлеуметтік сауалнама: «Nur Otan»-ға сайлаушылардың 76,8% дауыс беруге дайын
Әлеуметтік сауалнама: «Nur Otan»-ға сайлаушылардың 76,8% дауыс беруге дайын
181
оқылды

«Nur Otan» партиясы жанындағы Қоғамдық саясат инс­титутының қазан айындағы сауалнама нәтижесіне сәйкес пар­тияны қолдау деңгейі 76,8 пайызды құрады. Дауыс берушілердің 70,7 пайызы партияның саяси салада бәсекелестері жоқ деп санайды, ал респонденттердің 69,2 пайызы елдің дамуын тек «Nur Otan» партиясымен ғана байланыстырып отыр. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институтының директоры Юлия Кучинская айтып өтті.

\Партияны қолдаудың жоғары деңгейі, бұл пандемия кезеңінде халықты қолдау жұмыстарының күшеюінің, кері байланыстың онлайн арналары мен қоғамдық қабылдаулардың нығаюының, Елбасы мен Мемлекет басшысы­ның тапсырмаларының орында­луын бақылау жөніндегі мақ­сат­ты жұмыстарының нәти­жесі. Сон­дай-ақ партия рейтингте­рінің артуына қоғамда сұра­нысқа ие болған партияішілік праймеризді өткізу ықпал етті. Қазақстандықтардың 65,3 пайызы партиялық сайлау туралы хабардар. Олардың 62 пайызы праймеризді «жақсы тәжірибе» деп санайды. Праймеризде партия мүшелерінің 82,4 пайызы дауыс берді, 10 мыңнан астам кандидат тіркелді. Олардың 55 пайыздан астамы қалалық және аудандық мәслихаттар тізіміне өтті. Бұл пар­тияішілік сайлау болғанына қара­мастан, оған партия мүшеле­рінен басқа миллиондаған қазақ­стан­дықтар қатысты. Жаңа көш­бас­шыларды іріктеу  нәтижесінде қа­л­а­лар мен облыстар мәслихат­тарының партиялық тізімдері үшін праймеризге 5 500 үміткер таң­далды. Айта кетейік, биылдан бастап елге партия бастамасымен Birgemiz қоры арқылы халықтың әл-ауқа­тын жақсарту үшін көмек көрсетіп жатыр. Аталған қор арқылы атаулы әлеуметтік көмек  550 мың отбасына жетті. 5 000-нан астам жасотандық волонтер 300 000 отбасына 5 мил­лион бетперде мен азық-түлік се­бетін тегін жеткізді. Партияға деген сенімділіктің өсуі­нің негізгі көрсеткішінің бірі –қоғамдық қабылдаулар желі­сіне деген сұраныстың артуы. Қабылдау бөлмелеріне 2019 жылы азаматтардан 231 мың өтініш келіп түсті, 2020 жылдың басынан бастап қабылдауға 356 мың азамат тір­келді. Қабылдауда талқыланған мәселелердің көпшілігі мемлекет­тік органдармен өзара іс-қимыл жасау арқылы оң шешімін тапты, басқалары бойынша толық түсін­дірмелер берілді. Негізінен әлеу­меттік қамсыздандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй, жұмыспен қамту және еңбек құқықтарын сақтау мәселе­лері халықты жиі толғандыратыны анықталды. Пандемия жағдайында да «Nur Otan» қоғамдық қабылдау бөлмелерін қашықтан онлайн ре­жи­міне ауыстыру арқылы үздіксіз жұмыс істеуін жалғастырды.
– Әлемдік пандемия мен елі­міздегі экономиканың құлды­рауына қарамастан, Қазақстандағы қалаларды дамыту, жол салу және әлеуметтік инфрақұрылымды да­мыту бойынша ірі жобаларды жүзеге асыру жалғасын тапты. Қыркүйек айында Елбасы Түркіс­тан қаласына барды, оны жандан­дыру туралы шешім 2018 жылы қабылданған болатын. Осы уақыт ішінде қалада заманауи дамыған туристік-қалалық инфрақұрылым құрылды, жаңа жұмыс орындары ашылды. Қазан айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласына барып, онда Абайдың рухани мұрасын насихат­тауға арналған іс-шараларға қа­тыс­ты, сондай-ақ Семей қала­сының Қарағайлы шағынауданындағы құрылыс жұмыстарының барысы­мен танысты. Президент «жаңа шағынауданның құрылысы Қа­зақстан тарихында маңызды рөл атқаруы және қаланың жаңғыруы­ның символына айналуы керек» деп атап өтті, – дейді «Nur Otan» партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институтының директоры Юлия Кучинская.
Партияішілік праймериз «Nur Otan»-ның партиялық өрістегі абсолютті үстемдігін растады, партияның нақты мақсаттар мен нақты істердегі имиджін шоғыр­ландырды, «халықтық» партиялық тізімдердің қалыптасуына негіз болып, әр кандидаттың белгілі бір аумақта танылуына мүмкіндік сыйлады. Қорыта айтқанда, еліміздегі жетекші партия әрқашан халықпен бірге екенін дәлелдеді. Басымдық аймақтарға берілді. Тәуекел кар­талары жасалды және жергілікті жерлерде қоғамдық сұраныстарға жауап беретін негізгі мәселелерге талдау жасалды. Партиялық саяси даму тари­хында тұңғыш рет «Nur Otan» бюд­жеттік мүмкіндіктермен байла­ныстыра отырып, әр аумақ үшін жеке сайлау бағдарламаларының 216 жобасын жасады. Мұны пар­тияның мемлекеттік басқару жүйе­сін реформалауға қосқан үлесі деп қарау қажет. Сайлауалды бағдар­ламалар аумақтарды дамыту бағ­дарламасының негізін қалайды, бұл атқарушы биліктің жауапкер­шілігін және оларды жүзеге асыру үшін өкілетті органдардың нақты бақылау рөлін арттыра түседі.   OrasgaliОразғали СЕЛЬТЕЕВ, саясаттанушы:   – «Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институты социологиялық сауална­маның нәтиже­лерін ұсынды. Онда қазақстандықтардың 76,8 пайызының «Nur Otan» партиясына дауыс беруге ниетті екені хабарланды. Естеріңізде болса, осыдан 1 жыл бұрын пар­тияны «қайта жаң­­ғыртудың» алғашқы кезеңін­де бұл көрсеткіш 65,8 пайызды құ­раған еді. 11 пайыздық өсу сти­хиялы рейтинг емес, жан-жақты және нәтижелі жұмыстың нәтижесі. Туындаған өзекті мә­селелерге уақытылы жауап беру және партияның ішкі жаңаруы­ның арқасында осындай жетіс­тікке жетіп отыр.  Партияның позициясын нығайту бойынша көптеген нәтижелі жұмыстар атқарылды. Жақында өткен партияішілік праймериздің де шешуші рөл атқарғаны белгілі. Оған қатысқан 10 мыңнан астам үміткер әртүрлі шешімдер ұсына отырып, аймақ­тардағы жедел және жүйелік проблемаларды анықтау үшін күн тәртібін құрды. Бұл қоғам­дық-саяси процесті жандан­дырды. Партияішілік сайлау бол­ғанына қарамастан, оған пар­тия мүшелерінен өзге де мил­лион­даған қазақстандық аза­мат­тар қатысып, белсенділік таныт­ты. Праймериздің нә­тижесі бо­йынша партия құрамы айтар­лықтай жаңарды. Жастар мен әйелдердің үлес салмағы артты. Карантин шектеулерінің ен­гізілуіне қарамастан, ұйым­дастырушылар мен қатысушылар барлық сақтық шараларын сақ­тай отырып, алғашқы күннен бас­тап белсенді болды. Үкіметтің дағдарысқа қарсы шараларын қолдай отырып, азаматтарды әлеуметтік қолдаудың жеке же­лісі құрылды. Осындай жұмыс­тардың бәрі партияға деген се­нім­діліктің өсуіне оң ықпал етеді.   KyrmanaliҚұрманәлі ҚАЛМАХАН, журналист: – Төмендегі ақпаратты оқыған соң,  халықтың «Nur Otan»-ға сенімі артып, керек сәтте қолдай ала­тыны анық. Ендеше мына мәлімет сөзімнің дә­лелі болсын. Қоғамдық саясат институты жүргізген сауал­намаға қарасақ, партияны қолдау деңгейі 76,8 % құрағанын аңғаруға болады. Қатысушылардың 70,7 пайызы партияның саяси салада бәсекелестері жоқ деген пікірде екен. Ал респонденттердің 69,2 пайызы елдің одан әрі дамуын тек «Nur Otan» партиясымен байланыстырады. Партияны қолдаудың жоғары деңгейі, бұл пандемия кезеңінде халықты қолдау жұмыстарының күшеюінің, кері байланыстың онлайн арналары мен қоғамдық қабылдаулардың нығаюының, Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуын бақылау жөніндегі мақсатты жұмыстарының нәтижесі. Ал партия рейтингтерінің артуына қоғамда сұранысқа ие бола білген праймериздің сәтті ұйым­дас­тырылуы да оң әсер етті. Праймеризде партия мүшелерінің 82,4 пайызы дауыс берген. 10 мыңнан астам кандидат тіркелді, олардың 55 пайыздан астамы қалалық және аудандық мәслихаттар тізіміне өтті. Қазақстан­дықтардың 65,3 пайызы партиялық сайлау туралы естіген, олардың 62 пайызы праймеризді «жақсы тәжірибе» деп санайды.