Көксарай су қоймасына батып кеткен адамның мәйіті екі тәуліктен кейін табылды
Көксарай су қоймасына батып кеткен адамның мәйіті екі тәуліктен кейін табылды
165
оқылды

Көксарай су қоймасына батып кеткен ер адамның денесі екі тәуліктен кейін табылды.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады. Оның айтуынша Түркістан облысының Арыс қаласынан 2020 жылдың 18 қазанында сағат 18-30-да суға батқан адамды іздеуге көмек көрсету туралы хабарлама келіп түскен.

«Алдын ала мәліметтер бойынша Байырқұм ауылдық округінде Көксарай каналындағы Аққала ауылынан 20 шақырым жерде балық аулау кезінде Шымкент қаласы Қаратау ауданының Қайнар бұлақ шағын ауданның тұрғыны –1982 жылы туған ер адам жабдықталмаған жерде шомылған кезде суға батып кеткен. Ол 3 досымен бірге балық аулау кезінде алкогольді ішімдік ішкеннен кейін суға шомылған», – дейді ТЖМ ресми өкілі.

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасағы 19 қазанда сағат 07.00-де іздестіру жұмысын бастады. Көксарай каналының ені 100 м, тереңдігі 3 м, су температурасы +8 с. Іздеу нәтижесінде 19 қазанда сағат 09.04-те сүңгуір Абай Олжас Алтынбекұлы ер адамның мәйітін тауып, судан шығарды. Оқиға орнына Түркістан облысы Арыс қаласының ТЖ бөлімінің, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері де жұмылдырылды. ТЖМ құтқарушылары балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Егер төтенше жағдайда көмек қажет болса немесе сіз оқиғаның куәгері болсаңыз "101" немесе "112" телефондарына қоңырау шалыңыз.