Елбасы Нарухитоның таққа отыру салтанатына қатысуға Токиоға барды (видео)
Елбасы Нарухитоның таққа отыру салтанатына қатысуға Токиоға барды (видео)
107
оқылды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасының баспасөз қызметі Instagram-да Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияның императоры Нарухитоның таққа отыруына арналған ресми шараға қатысу үшін Токиоға барған сәтінің видеосын жариялады.

Бұған дейін Елбасының Жапония Үкіметінің шақыруымен осы елдің императоры Нарухитоның таққа отыруына арналған ресми шараға қатысу үшін Токиоға баратыны айтылған болатын.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі өзінің парақшасында: «Таққа отыруына арналған ресми шара 22 қазанда Император сарайында болады. Сапар барысында Елбасы бірнеше екіжақты кездесу өткізеді», — деп жазды.

Видео: Президент Телерадиокешені ("24 мир" арнасы)