Бұл туралы Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook-тағы парақшасында жазды.
Министрдің айтуынша, барлық мемлекеттік органдар (ҚР ДСМ, ҚР ӘМ және ҚР БП ҚСжАЕК) толық интеграциялауды жедел түрде аяқтады. Бұдан былай қайтыс болғаны туралы куәлікті алу бойынша күрделі процестің орнына eGov.kz порталдан бір анықтаманы алуға болады. Бұл сервис бірден бірнеше анықтаманы жояды.«Президент Әкімшілігінде қызмет еткен кезім – пандемия жайлаған уақытта Президент мәйітханалардың жанында көптеген адам жиналғанына назар аудару керегін айтты. Біз оның тапсырмасы бойынша талқылап, істің мән-жайын анықтадық. Мекемелер арасындағы бюрократияға байланысты қайтыс болғаны туралы куәлік алудың күрделі процестері бар. Осы процесті өзгерту үшін мен оны электрондық жүйеге ауыстыру бастамасын көтердім», – деп жазды.
«Өкінішке қарай, пандемия кезінде көпшілігіміз осы жағдайға тап болдық. Біздің міндетіміз – осындай қиын кезеңде қажеті жоқ қағазбастылықты жеңілдету. Мұндай процестерді автоматтандыру өте маңызды. Сондықтан біз қағазбастылықты барынша азайтып, барлығын онлайн режимге көшіруді жалғастырамыз», – деп жазды министр Бағдат Мусин.