Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген келер жылы наурызда Украинада жеке концертін береді.
Бұл жаңалықпен Димаш Instagram парақшасында бөлісіп, жеке концертіне билеттер сатылымға шыққанын айтты.
«Қымбатты достар! 2020 жылғы 11 наурызда Киевте өтетін концертіме бүгін, 21 қазанда билеттердің сатылымы басталды. Билеттер concert.ua сайтында қолжетімді. Мен сіздерді күтемін!» – деп жазды Димаш Құдайберген.