Бұл туралы брифингте Алматы қаласы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин айтты.
Сондай-ақ оның айтуынша, 4 пневмония дерегі тіркелген.«Қазанда Алматыда коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуал күрделеніп жатыр. Осы апта ішінде оқшаулану 10-12 жағдайға дейін өсу байқалады. Тек өткен тәулік ішінде 12 жағдай тіркелді. Атап айтқанда, 10 жергілікті жерде және 2 жағдай Египеттен келген туристерден анықталды», – деді Жандарбек Бекшин.
Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронвирустың таралуын тоқтату үшін сақтық шаралары қайтадан күшейетінін де айтты.