Израиль премьері Үкіметті құра алмай, мандатты ел басшысына қайта өткізді
Израиль премьері Үкіметті құра алмай, мандатты ел басшысына қайта өткізді
5,096
оқылды

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Үкіметті құра алмай, мандатты мемлекет басшысы Реувен Ривлинге тапсырды. Бұл туралы ел басшысы өзінің Twitter парақшасында жазды.

«Мен Нетаньяхудан үкіметті жасақтай алмағандықтан мандатты өзіме қайтаратыны туралы мәлімдеме алдым», - деп жазды Р.Ривлин.

Президент бұл құқықты "Кахоль-Лаван" орталық блогының лидері Бени Ганцке тапсырды. Және бұл міндетті орындауға оған 28 күн берді.

Израиль президенті 25 қыркүйекте Беньямин Нетаньяхуға үкіметті құруды тапсырды.Және ол дата 23 қазанда мәресіне жетеді.

17 қыркүйекте Израильде парламенттік сайлау өтіп, нәтижесінде "Кахоль-Лаван" блогы парламентте 33 орын алса, Нетаньяху басқаратын «Ликуд» 32 орын алды.